Серіктестер біз туралы

Лоран Батай, Schneider Electric компаниясының президенті




Суреттер


Schneider Electric компаниясының президенті Лоран Батай Қазақстанға инвестиция салу тәжірибесі туралы айтты. Schneider Electric компаниясының Қазақстандағы тарихы 20 жылдан астам уақытты қамтиды. Осы жылдар ішінде Schneider Electric Қазақстандағы негізгі өндірістік, мәдени, әкімшілік және инфрақұрылымдық нысандардың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етіп, өнеркәсіптің дамуына зор үлес қосты. Бүгінгі таңда Schneider Electric қазақстандық нарықтағы интеграцияланған энергияны үнемдейтін шешімдердің жетекші әзірлеушісі және жеткізушісі болып табылады. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан-Франция инвестициялық дөңгелек үстелі аясында Schneider Electric Қазақстандағы филиалымен технологиялар трансферті мәселелері бойынша Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Компания президенті Schneider Electric Қазақстанның жаңартылатын энергия көздеріне көшуіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге