Біз туралы

Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы 1971 жылы Көкшетау облысы Рузаев ауданының Андреевка ауылында дүниеге келген. Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын, Алматы экономика және статистика институтын, РФ Президентi жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттiк қызмет академиясын ғалым агроном, экономист, мемлекеттiк және муниципалды кәсiпорындар экономикасы магистрi мамандығы бойынша тамамдаған.

Мансап

Еңбек жолын 1994 жылы «Привольное» кеңшарының бригада есепшiсi болып бастады.

1995-2006 жылдары кәсiпкерлiк қызметпен айналысты;

2006-2019 жылдары Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның және Петропавл қаласының әкiмi болды;

2019 жылдың 20 наурызынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет» және «Парасат» ордендерiмен, «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» мерекелiк медальдарымен марапатталған.

Жетекшiлiк ететiн мәселелер:

  • ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен;
  • жер қатынасы;
  • стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджетті және бюджетаралық қатынастарды дамыту;
  • салық саясаты;
  • коммуналдық меншік және жекешелендіру;
  • білім;
  • ветеринария.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге