Біз туралы

Әмрин Дархан Өмірсерікұлы

Басқарма басшысының орынбасары

Әмрин Дархан Өмірсерікұлы 1990 жылғы 3 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Сергеевка қаласында туған. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономика және бизнес бакалавры, ауыл шаруашылығы бакалавры, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін экономика ғылымдарының магистрі мамандықтары бойынша бітірген.

Мансап

Еңбек жолын 2011 жылы «Kaspi bank» АҚ менеджерi болып бастады.

2012 жылдан 2014 жылға дейiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң сарапшысы, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ бас маманы болып жұмыс iстедi.

2014 жылдан бастап ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлiм нұсқаушысы, облыс әкiмiнiң экономикалық мәселелер жөнiндегi көмекшiсi — бас маман, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң көмекшiсi лауазымдарында қызмет еттi.

2017 жылғы қыркүйектен 2020 жылғы наурызға дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппараты басшысының орынбасары.

2020 жылғы наурыздан 2021 жылғы маусымға дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкiмi болып жұмыс iстедi.

2021 жылғы 20 тамызда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметiне тағайындалды.

Үйленген, қыз бен ұл тәрбиелеп отыр.



Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге