CLAAS - әлемдік ауылшаруашылық машиналары өнеркәсібінің флагманы және ауылшаруашылық техникасының ең ірі еуропалық өндірушісі.
2021 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж Тоқаевтың қатысуымен Claas KGaAmbH (Германия) комбайндарды, тұқым себу кешендерін, тракторларды және басқа да ауыл шаруашылығы техникаларын шығаруды іске қосты.
Жаңа зауыт «Береке» ықшамауданында, «Қызылжар» АЭА, №2 шағын аймақ аумағында орналасқан.
Жоба CLAAS-тың Қазақстандағы ресми өкілі ST-Agro компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылды.
Облыс экономикасына құйылған инвестиция көлемі 3 млрд теңгеге жуықтады. Бастапқы кезеңде 100-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жобалық қуаттылыққа шыққанда кәсіпорын жылына 300 бірлікке дейін ауыл шаруашылығы техникасын шығарады, бұл Қазақстан Республикасындағы машина-трактор паркін жаңарту жағдайын сапалы түрде жақсартады.