АҚШ-тан инвестиция ағыны 82%-ға өсті

Астанада екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев пен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті. 

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің перспективалы бағыттарын, сондай-ақ елдегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жұмысын талқылады.

Ардақ Зебешев АҚШ жалпы инвестиция көлемі 60 миллиард доллардан асатын Қазақстан экономикасына стратегиялық және ірі шетелдік инвесторлардың бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан экономиканың өндіріс және тау-кен, фармацевтика, ҚХА және т.б. салаларында жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі.

сша4 (1).jpg

Өз кезегінде Дэниел Розенблюм АҚШ-тың G7 мемлекеттері ұсынған Жаһандық инфрақұрылымдық бастама (PGII) үшін серіктестік аясында Транскаспийлік «Орта дәліз» инфрақұрылымын және басқа да көліктік сауда бағыттарын дамытуға бел байлағанын атап өтті. Ол ағымдағы жылдың маусым айында АҚШ Сауда миссиясының сәтті сапары тараптардың экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға деген өзара ұмтылысын білдіретінін атап өтті.

1 (3).jpg

KAZAKH INVEST басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов ұлттық компанияның қызметі, инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып өтті, сонымен қатар Honeywell, GE Helthcare, Wabtec, Pfizer сияқты трансұлттық американдық компаниялардың жаңа жобаларына кеңінен тоқталды.

Анықтама:

1993 жылдан бері АҚШ-тан Қазақстан Республикасына инвестицияның жалпы ағыны 62,7 миллиардге жетті. 2022 жылдың соңында АҚШ-тан инвестицияның жалпы ағыны 2021 жылмен салыстырғанда 82%-ға өсті (2,8 млрд доллардан 5,1 млрд долларға дейін).

2022 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда көлемі 3,05 млрд долларды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда (2,2 млрд доллар) 37,2%-ға артық. Бұл ретте Қазақстан Республикасынан АҚШ-қа экспорт 1,15 миллиард доллардан асты, ал АҚШ-тан Қазақстан Республикасына импорт 1,89 миллиард долларды құрады.