Баспасөз релиздері

Қазақстанда 2021 жылы автомобиль өндірісі 24% өскен

Қазақстанда 2021 жылы автомобиль өндірісі 24% өскен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2021 жылы автомобиль өндірісі 24% өскен. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Қазақстан машина жасаушылар одағы басқармасының төрағасы Мейрам Пішембаевпен кездесуінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкіметтің ресми сайтының хабарлауынша, кездесу барысында машина жасаушылар одағының басшысы осы саланың жай-күйі, сыртқы факторлардың әсері жағдайында алда тұрған міндеттер мен даму перспективалары туралы баяндады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша темір жол машинасын жасау 300%-ға, ауыл шаруашылығы машинасын жасау 50,4%-ға, тау-кен металлургиясы машинасын жасау 29,3%-ға, автомобиль өндірісі 24%-ға, электротехникалық машина жасау 16,7%-ға және мұнай-газ машинасын жасау 14,2%-ға елеулі өсім көрсетті.

Кездесу барысында Машина жасау саласын дамытудың 2024 жылға дейінгі жол картасын іске асыру, сала кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету, жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту үшін қолжетімді қаражат бөлу, отандық тауар өндірушілермен оффтэйк-келісімшарттар жасасу, сондай-ақ машина жасау саласындағы өндіріс көлемін арттыру мәселелері талқыланды.

М. Пішембаевтың айтуынша, 2021 жылы импорттың жалпы көлемі $41 млрд құрады, оның ішінде $17 млрд немесе 41%-ы отандық машина жасау өнімдеріне тиесілі. Осыған байланысты импортты отандық өндіріспен алмастыру мәселесі – аталған нарықты дамытып, экспортқа шығу үшін өте өзекті.

Кездесу қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов Үкімет саланы ынталандыру және Қазақстанда машина жасауды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жұмысын одан әрі жалғастыратынын атап өтті.

Дереккөз: www.inform.kz
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге