Іс-шаралар

Инвестор іздеу бойынша конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Онлайн


«Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Компания) осымен «Қару-жарақтарды, әскери техниканы және оқ-дәрілерді сақтау, өткізу және кәдеге жаратудың орталықтандырылған пунктін және ҚР Қорғаныс министрлігінің 2 қоймасын салу және пайдалану» инвестициялық жобасын іске асыру бойынша инвесторды іздеу бойынша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

1. Инвестициялық жобаның атауы: «Қару-жарақтарды, әскери техниканы және оқ-дәрілерді сақтау, өткізу және кәдеге жаратудың орталықтандырылған пунктін және ҚР Қорғаныс министрлігінің 2 қоймасын салу және пайдалану» (бұдан әрі – Инвестициялық жоба).

2.  Объектілердің орналасқан жері

Объектінің атауы:

Орналасқан жері

- Қару-жарақтарды, әскери техниканы және оқ-дәрілерді сақтау, өткізу және кәдеге жаратудың орталықтандырылған пункті 

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы 

-  Жем қ. әскери қалашығының объектілері

Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы 

-  Орта-Дересін кенті әскери қалашығының объектілері

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы

3.  Инвестициялық жобаның алдын-ала құны:34 681 544 мың теңге(ҚҚС-пен)  

Түпкілікті құны Инвестициялық жобаға жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) бекіткеннен кейін белгілі болады. 

4. Негізгі міндеттері:

1) Инвестициялық жобаның мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді қаржыландыру; 

2)  Инвестициялық жоба құрылысын қаржыландыру. 

5. Инвестор шығынын өтеу:  пайдаланылмайтын мүлікті (әскери мүлікті) сатудан түскен қаражат есебінен.       

6. Инвесторды айқындау өлшемшарттарын белгілейтін заңды тұлғаларға (олардың бірлестіктеріне) қойылатын біліктілік талаптары:

1) жобалау құжаттамасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарға, жабдықтарға, құрылыс-монтаждау жұмыстарына тапсырыс беруге және Инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті басқа да шығыстарға ақы төлеуді қамтамасыз ету үшін қаражаттың болуы;

2) халықаралық қару-жарақ нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы;

3) қару-жарақпен және әскери техникамен жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандардың болуы;

4) салықтық және кредиторлық берешектің болмауы;

5) банкроттық және/немесе тарату/оңалту рәсімінде болмауға тиіс.

7.   Әлеуетті инвестордың конкурстық өтінімді қамтамасыз етуі: 

- "Қазақстан инжиниринг "ҰК" АҚ шотына (БСН 030440000693, ЖСК KZ3594805KZT22031991, БСК EURIKZKA, "Еуразиялық Банк" АҚ, Кбе 16) 3 000 000 000,00 (үш миллиард) теңге  мөлшерінде кепілдікті ақшалай жарна  

немесе

-     "Қазақстан инжиниринг "ҰК" АҚ (БСН 030440000693, ЖСК KZ3594805KZT22031991, БСК EURIKZKA, "Еуразиялық Банк" АҚ, Кбе 16) пайдасына "ВВ-" төмен емес халықаралық рейтингі бар банк шығарған банк кепілдігін 3 000 000 000,00 (үш миллиард) теңге сомасына беру. 

8. Әлеуетті инвесторлардың конкурстық өтінімдерді беру тәртібі мен мерзімі:әлеуетті инвесторлардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, конкурстық өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 15 ақпанына дейінгі күндіқоса алғандағы мерзімге дейін жүзеге асырылады.  

Конкурстық өтінімдерді ұсыну мекенжайы: "Қазақстан Инжиниринг "Ұлттық Компаниясы" АҚ: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Керей, Жәнібекхандар к-сі, 12а, электрондық мекенжайы ke@ke.kz.

9.   Инвесторды іріктеу шарттары мен тәртібі:  

- Қызығушылық танытқан жағдайда әлеуетті инвесторлар Компанияға конкурстық құжаттаманы ұсынуға сұрауды мынадай мекенжайға жібереді: «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Керей, Жәнібек хандар к-сі, 12а, электрондық мекенжайы ke@ke.kz 

- Компания біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті инвесторлардың атына коммерциялық ұсыныстар беру жөніндегі сұранысты жібереді.        

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге