Іс-шаралар

Вебинар: Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобалар

Онлайн


Неліктен швейцариялық компанияларға Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларға қаржы салған тиімді?

"Нұрлы Жол" қазақстандық инфрақұрылымдық бағдарламасы - швейцариялық компаниялардың алдына үлкен мүмкіндіктер ашады. Осы бағдарлама аясында инвесторлар түрлі жобаларға қатысып, оларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асыра алады.

2021 жылғы 26 наурызда 14:00 сағат Switzerland Global Enterprise "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық бағдарламасы бойынша вебинар өткізеді. Оған Қазақстандағы швейцариялық компаниялардың басшылары, Қазақстан үкіметінің өкілдері мен экономикалық сарапшылар қатысады, олар Қазақстан мен Орталық Азиядағы инвестициялар саласындағы өз тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен қатар, олар швейцариялық компанияларға Қазақстанда бизнес жүргізу үшін ақпарат береді. 


Вебинарға тіркелу үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз: https://www.s-ge.com/en/registration-form-goglobal-week-infrastructure  
Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге