Медиа орталық

СҚО-ғы фабрика жаңа цех ашып, 300 адамды жұмысқа алмақ

СҚО-ғы фабрика жаңа цех ашып, 300 адамды жұмысқа алмақ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов полипропиленнен жұмсақ контейнерлер шығаруға бағытталған "SMB group family" фабрикасында болды. Оның өнімі - қаптар, слим және биг бэгтер. Жас кәсіпорын өнім көлемін жыл сайын ұлғайтып келеді. Фабрикада 305 адам еңбек етуде.

"Компания бір орнында тұрған жоқ. Өндірісті кеңейтуді қолға алды. Қазір заманауи цех салынуда. Инвестиция сомасы – 1 млрд теңге. Қосымша 300 жаңа жұмыс орны ашылады", — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Дереккөз: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге