Медиа орталық

СҚО-да май экстракциялық зауыт салынады

СҚО-да май экстракциялық зауыт салынады

«Масло-Дел» қазақстандық компаниясы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысында майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытын іске қосады. Жалпы құны 15 млрд теңге болатын жоба 250-ге жуық тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек.

Компания құрылыс-монтаждау жұмыстарының бірінші кезеңін бастады, оның аясында сақтау ыдыстарының астына қадалар қағылып, дайын өнімді жинауға арналған цех салынды. Келесі жылы майлы дақылдарды өңдейтін негізгі цехтың құрылысы жоспарлануда, онда жылына 300 мың тоннаға жуық шикізат өңделетін болады.

«Петропавлдағы зауыт еліміздегі ең заманауи және технологиялық зауыттың біріне айналады. Биылғы жылдың негізгі міндеті - бинз үшін іргелі жұмыстарды аяқтау, күнжара мен дайын өнімді сақтау цехын аяқтау. Келесі жылы біз негізгі цехтың құрылысын және Бельгиядан жабдықтар жеткізуді жоспарлап отырмыз. Облыс басшылығының бұл жобаға деген үлкен қызығушылығын атап өткім келеді, біз инвесторлар ретінде облыс әкімдігі мен KAZAKH INVEST - тен жақсы қолдау көріп отырмыз»,-деді «Масло-Дел» ЖШС Бас директоры Павел Селиванов.

Жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар, зауыт құрылысы өңірдің экономикалық және өнеркәсіптік әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді.

«Жоба біздің өңір үшін өте үлкен. Біз отандық кәсіпкерлерге осындай жобаларды жүзеге асыруға көмектесуге және кеңес беруге әрдайым әзірміз. Біздің өңір майлы дақылдарды өсіру бойынша елімізде көшбасшы, егіс алқабы 1 млн.гектарға жетеді. Бұл ретте, бүгінгі таңда шикізаттың тек 20% - ы ғана қайта өңделеді, ал осы жобаны іске асыру арқылы қайта өңдеу 50% - ға дейін арта түспек», - деп атап өтті СҚО бойынша KAZAKH INVEST өңірлік директоры Данияр Шалабаев.

«Масло-Дел» ЖШС Бас директорының айтуынша, зауыт өндіретін өнімнің 25% - ы елдің ішкі нарығына шығады. Қалған 75% «экспорттық тесіктерді» жабады.

«Тек қытайлық қайта өңдеушілер ай сайын 10 мың тонна қазақстандық майды сатып алуға дайын. Оған шетелде сұраныс үлкен. Жаңа май экстракциялық зауыт солтүстік өңірге жаңа серіктестік байланыстар орнату туралы қамқорлық жасауға және жергілікті қажеттілікті толтыруға көмектеседі», - деп қосты Павел Селиванов.

Айта кету керек, бүгінгі таңда «МАСЛО-ДЕЛ» ЖШС өндіретін ассортиментіне 100-ден астам өнім түрлері кіреді: сары май және өсімдік майлары, өнеркәсіптік мақсаттағы майлар, маргариндер, майонездер, кетчуптар, ұзақ сақталатын сүт, қоюландырылған сүт және т. б.

Анықтама үшін: «МАСЛО-ДЕЛ» компаниясы, азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша Қазақстандағы ең ірі компаниялардың бірі. Компания штатында 2000-нан астам қызметкер жұмыс істейді, олардың ішінде сауда командасының саны шамамен 860 адамды құрайды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге