Медиа орталық

KAZAKH INVEST төрағасы СҚО инвесторларымен бейнеконференция өткізді

KAZAKH INVEST төрағасы СҚО  инвесторларымен бейнеконференция өткізді

KAZAKH INVEST Қазақстан өңірлерінің қазақстандық және шетелдік бизнес өкілдерімен кездесулер сериясын жалғастыруда. Жақында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Меиіржан Юсупов Солтүстік Қазақстан облысының бизнес өкілдерімен жиын өткізді.

Іс-шараға СҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Амрин, «Qyzyljar» АЭА басшысы Нұрбек Қожахметов, «Солтүстік» ӘКК мамандары және «Северный фанерный комбинат» (Түркия), «KAZROST Engineering» (Грузия), «Cool Infinity» (РФ), «Тайынша-Май» (ҚХР) секілді компаниялардың өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Меиіржан Юсупов бұған дейін осындай кездесулердің Алматы және Шымкент қалаларының, сондай-ақ Павлодар және Ақмола облыстарының инвесторларымен өткізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, келіссөздердің осындай ашық форматы инвесторлардың сенімін арттырып, жұмыс процестерін жеделдетуге мүмкіндік береді.

«Бұл кездесулер бізге ағымдағы және жүйелі мәселелер пулын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ағымдағы мәселелер бойынша жұмысты біздің мамандар жүргізеді. Жүйелі сипаттағы мәселелерді біз орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары деңгейіне шығарамыз. Қосымша қиындықтар туындаған жағдайда, біз Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып табылатын инвестициялық омбудсменге жүгінуге мүмкіндігіміз бар», - деп атап өтті Мейіржан Юсупов.

Өз кезегінде «Кирпич – СК» ЖШС өкілі KAZAKH INVEST компаниясы ҚХР-дан жабдықты импорттау кезінде бизнесті кедендік баждан босатқан инвестициялық келісімшарт жасасуға жәрдемдесу түрінде қолдау көрсеткенін атап өтті. Сондай-ақ, өңірлік директор жобалық-сметалық құжаттаманы келісу мәселесін шешіп, тар бейінді шетелдік мамандарды әкелу бойынша консультациялар мен сүйемелдеу жасады.

Жалпы, БКБ барысында инвестициялық жобаларды іске асыруды одан әрі қолдау және инвесторлардың ағымдағы мәселелерін шешу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, рұқсат құжаттарын алу, инвестициялық келісімшарт жасасу және жобаларды қосымша қаржыландыруды іздеу тақырыптары қозғалды.пре

KAZAKH INVEST басшылығы мемлекеттік органдардың көмегімен осы мәселелерді шешудің ықтимал жолдарын атап, қажетті ұсынымдарды берді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында одан әрі кооперация және сындарлы диалогты ұйымдастыру туралы уағдаласты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге