Алматы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында май өндіру зауыттарын салу жоспарлануда
2026 жылғы 29 сәуір, Астана – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов пен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұлов «XIYU AGRICULTURAL PTE. LTD» өкілдерімен кездесу өткізді.
Компания Қазақстанда астық пен майлы дақылдарды терең өңдеу, экспортқа бағытталған ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту және шетелдік инвестицияларды тарту салаларында стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.
Келіссөздер барысында инвесторлар «XIYU AGRICULTURAL PTE. LTD» жобаларын ұсынып, Алматы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында үш май өндіру зауытын салуды қамтитын жаңа инвестициялық блок жоспарларын белгіледі.
Жобаларға мыналар кіреді:
1. Алматы облысындағы «Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС өндірістік алаңын дамыту. Инвестиция көлемі: 39,7 млрд теңге, жыл сайын 54,6 мың тонна өсімдік майы және 61,9 мың тонна күнжара экспорттау жоспарланған.
2. Қостанай облысында «Tobol Agro Processing» ЖШС зауытының құрылысы. Инвестиция көлемі: 53,3 млрд теңге, жыл сайын 228 мың тонна өсімдік майы және 198 мың тонна күнжара экспорттау жоспарланған.
3. Солтүстік Қазақстан облысында «Asyl Grain» ЖШС жобасын іске асыру. Инвестиция көлемі: 53,3 млрд теңге, жыл сайын 216 мың тонна өсімдік майы және 192 мың тонна күнжара экспорттау жоспарланған.
Үш жоба бойынша жалпы инвестиция көлемі 146 млрд теңгеден асатынын, ал жалпы өңдеу қуаты тәулігіне 3 мың тонна майлы дақыл шикізатынан асатынын атап өткен жөн. Үш зауыттың дайын және қосалқы өнімдерінің экспорты жылына шамамен 950 000 тоннаны құрайды.
Бұл жобаларды іске асыру шамамен 500 жұмыс орнын құруға, отандық шикізатқа сұранысты кеңейтуге, өңдеу өнеркәсібін дамытуға және жоғары қосылған құн өнімдерінің экспортын арттыруға мүмкіндік береді.
«XIYU AGRICULTURAL PTE. LTD.» акционері Qi Jianxi «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-мен осы жобаларды қолдау және іске асыру бойынша жүйелі түрде ынтымақтастық жасауға қызығушылық танытатынын растады.
Сондай-ақ, инвесторлар шикізат жеткізу, технологияларды трансферттеу, мамандандырылған инженерлерді тарту және рұқсаттар алу мәселелерін талқылады.
Кездесуден кейін тараптар ынтымақтастықты кеңейту үшін диалогты жалғастыруға өзара қызығушылық танытқанын растады.
Бүгінгі күні «XIYU AGRICULTURAL PTE. LTD.» ұн, мал азығы, өсімдік майы, күнжара және қаптама материалдарын өндіруге арналған заманауи қондырғыларды құрып, кейіннен Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияға экспорттайтын жобаларды сәтті аяқтады. Осы жүзеге асырылып жатқан жобалар бойынша жалпы өндіріс көлемі жылына 2 млн тоннадан асады.