Қазақстанда «Астана» халықаралық қаржы орталығының» негізінде инвестициялық резиденттік бағдарламасын іске қосу жоспарлануда

Қазақстанда «Астана» халықаралық қаржы орталығының» негізінде инвестициялық резиденттік бағдарламасын іске қосу жоспарлануда

2019 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, оған сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» заңға да өзгерістер енгізілді.

Аталған түзетулер АХҚО негізінде инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасын іске қосу мақсатында енгізілді. Айта кетейік, елге инвестиция тартуға тырысатын көптеген мемлекеттер осындай заң жобаларын қабылдайды.

Бағдарламаның мақсаты бойынша - инвесторларға және олардың отбасы мүшелеріне 5 жылға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасына кіру визаларын алу құқығы беріледі, ал олар есесіне инвестиция тартады, сондай-ақ мемлекеттік бюджетке міндетті төлем төленген жағдайда, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі кірістер бойынша ЖТС төлеуден босататылады.

Мұнда төмендегі аспектілерге назар аударған жөн:

Біріншіден, әлеуетті шетелдік инвестор (жеке тұлға) АХҚО кеңсесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі және сенімділігі үшін тексеруден өтуі керек. Талаптарға сәйкес, әлеуетті инвестор алдыңғы 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болмауы керек және салық салу үшін алғашқы өтініш бергенге дейінгі 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының резиденті болмауы керек.

Екіншіден, тексеруден өткеннен кейін, әлеуетті шетелдік инвестор АХҚО биржасындағы, қаржы орталығының инвестициялық қорларындағы, орталық қатысушыларының жарғылық капиталдарындағы бағалы қағаздарға инвестиция құяды (мөлшері Инвестициялық резиденттік бағдарламасымен белгіленеді) және АХҚО инвестициялық резиденті атанады.

АХҚО-ның инвестициялық резиденті қаржы орталығының өтініші бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге кіру визасын алуға құқылы. Виза беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдайды.

Қазақстанға келгеніне 90 күн өткеннен кейін, АХҚО инвестициялық резиденті өзге мемлекеттердегі табыс көздерінен түсетін кірістер үшін төлемақы төлеуден босатылуға құқылы. Ол үшін резидент мемлекеттік бюджетке міндетті төлемді төлеп, салық органдарына жүгінуі керек (мөлшері Салық кодексінде белгіленген).

Айта кету керек, бұл жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы кірістерге Салық кодексіне сәйкес салық салынатын болады, ал шетелден келген табыстарға салық салынбайды.

Бұл шара салық шығындарын оңтайландыруға ұмтылатын инвесторларға бағытталған.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге