Медиа орталық

Солтүстiк Қазақстанда жаңа сүт фермасы ашылды

Солтүстiк Қазақстанда жаңа сүт фермасы ашылды

Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

«Өңiрiмiзде сүт фермаларының құрылысын және қондырғыларды сатып алуды қаржыландыру бойынша пилоттық бағдарлама бар. Қазақстанда тек бiзде ғана сүт жобаларын жүзеге асыруға ең қолайлы жағдай жасалған», — деп жазды өңiр басшысы.

Мемлекеттiк қолдау тетiктерiнiң көмегiмен ауыл шаруашылығында тағы бiр жоба жүзеге асты. Айыртау ауданы, Прекрасное ауылында «Әдемi астық» серiктестiгiнiң жаңа сүт фермасы iске қосылды. Ауылдың 30 тұрғыны жыл бойы жұмыспен қамтылмақ. Жобаның сомасы 1,6 млрд теңгенi құрайды.

Диқандар бидай өсiрумен қатар, мал шаруашылығымен де айналысуға мiндеттi. Өйткенi, сүт өндiрiсi өте тиiмдi кәсiп. Тек осы ферма толық қуатқа шыққанда күн сайын 1,5-2 млн.тг табыс таппақ.

Елiмiз бойынша ең көп ферма салатын СҚО. Биыл Қазақстанда 29 сүт кешенiнiң құрылысы жүрiп жатыр, оның жартысы Солтүстiк Қазақстан облысында. 16 сүт кешенiнiң құрылысы басталды, жыл соңына дейiн 10 ферма iске қосылады. Жалпы, елiмiзде 500 сүт фермасы болса, оның 90-ы облыста орналасқан. Келер жылы тағы 10 жаңа ферма салына бастайды.

Сүттi өңдеу бойынша да облыс республикада көш басында. Қазақстанда 1 млн тонна өңдеуге жiберiлсе, оның 350 мың тоннасы Солтүстiк Қазақстан облысының үлесiне тиесiлi.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге