Медиа орталық

KAZAKH INVEST басшысы Солтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар инвестициялық нысандарды аралады

KAZAKH INVEST басшысы Солтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар инвестициялық нысандарды аралады

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Солтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар инвестициялық жобаларды аралап, өңірдің бизнес өкілдерімен жобалардын жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылады.

Сапар барысында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек CLAAS ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жөніндегі инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Жоба «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асырылып, 2021 жылы пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда жобаның өнімділігі жылына 300 бірлік техниканы құрайды.

Тамақ өнеркәсібіндегі келешегі зор зауыттардың бірі «Масло-Дел» компаниясының директоры Қанат Нұрпейісов, құны шамамен 15 миллиард теңге болатын жаңа мұнай өндіру зауытын салу жоспары туралы айтты. Жобаның іске қосылуы келесі жылдың басында жоспарланған. Петропавлда 2004 жылы іргесі қаланған «Масло-Дел» зауыты, бүгінде сүт өнімдерінің алуан түрін шығарады. Кәсіпорын жылына 66 мың тоннаға дейін шикі сүт өңдейді. Өндіріс тәулігіне 200 тоннадан астам сүтті өңдеуге мүмкіндік беретін заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ Мейіржан Юсупов экспортқа бағытталған «Радуга» ЖШС, «Солтүстік фанера комбинаты» ЖШС, «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС («Alageum Electric» АҚ), «Кирпич СК» ЖШС және МТФ «Қызылжар сүт» кәсіпорындарын көріп шықты.


Радуга қағаз бұйымдарын шығаратын зауыттың директоры Евгений Ли жиналғандарды өндіріс орнының жұмысымен таныстырды. Бүгінде кәсіпорын 700-ге жуық түрлі өнім шығаратын аймақтағы өңдеуші өнеркәсіптің флагманы болып табылады. Құны шамамен 2,5 миллиард теңгені құрайтын зауыт жылына 5 мың тонна қағаз өнімін шығаруды жоспарлап отыр.

2021 жылдың басында өндірістің бірінші кезеңін ашқан «Солтүстік фанера фабрикасы», екінші кезеңін осы жылдың маусым айында іске қосуды жоспарлап отыр.

«KAZAKH INVEST компаниясының толық қолдауымен, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетімен, инвестициялық келісімшарт бойынша, компанияны Түркия мен Қытайдан құрал-жабдықтарды әкелу кезінде кедендік баж салығынан босатылды. Сондай-ақ, біздің компания көршілес елдерге және Еуропаға, ламинатталған фанераны экспортқа шығарды. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы – жылына 27 мың текше метр дайын өнім», – дейді зауыт бас директорының орынбасары Айваз Бакиров.

«Alageum Electric» АҚ электр өнімдерін шығару жобасы 2021 жылы пайдалануға берілді. Петропавл қаласындағы зауыт құрылысының инвестициялық жобасының жалпы сомасы 10 млрд теңгені құрады. Кәсіпорында 350 жұмыс орны ашылды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 13 мың трансформаторды құрайды. Бұл ретте өнімнің 98 пайызы ТМД елдеріне экспортталатын болады. Қазіргі таңда кәсіпорын жергілікті кадрларды даярлауды, бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жақсы қолдау болып отыр.

2022 жылдың 2-тоқсанында жұмысын бастаған кірпіш өндіру зауыты («Кирпич СК») жылына 45 миллионға дейін кірпіш шығаруды мақсат етіп отыр, бұл облыстың құрылыс индустриясындағы қажеттілігінің 30%-ға жуығын өтейді.

Сондай-ақ, KAZAKH INVEST басшысы негізгі бағыттары сүтті ірі қара малын өсіру және дәнді және бұршақ дақылдарын өсіру, оның ішінде тұқым шаруашылығы болып табылатын 720 басқа арналған «Қызылжар сүт» сүт-тауарлы қожалығында болды.

«KAZAKH INVEST-те өңдеу деңгейі жоғары инвестициялық жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Біз жобаны жүзеге асыру барысында инвесторлардан туындайтын мәселелерді жедел шешуге тырысамыз. Компания өңірлердің инвестициялық әлеуетін дамыту мақсатында үнемі ілесіп отырып және бірлескен ынтымақтастыққа дайын. KAZAKH INVEST инвесторларға бір терезе қағидаты бойынша жан-жақты қолдау көрсетеді. Ол проблемалық мәселелерді шешумен, сондай-ақ қайта инвестициялауды ынталандыру мақсатында инвестициядан кейінгі мониторингпен айналысады», - деп түйіндеді Мейіржан Юсупов.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге