Медиа орталық

СҚО-да 2 айдың даму қорытындылары шығарылды

СҚО-да 2 айдың даму қорытындылары шығарылды

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың жетекшілігімен әкімдіктің отырысы өтіп, онда 2024 жылдың 2 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, бюджеттің шығыс және кіріс бөлігінің атқарылуы қаралды.

Алғашқы екі айда облыстың экономикалық өсімі 109,3 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 23,5 млрд теңгені құрап, 3,4%-ға өсті.

Өнеркәсіпте 91,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Өңдеу өнеркәсібінде көлем 7,3%-ға өсті. Өсуді «ЗИКСТО», «Маслодел»; «Евразиан Милк», «Радуга», «Зеленый Север»; қағаз фабрикасы, «СТ Assembly» и «Петропавловский электротехнический завод» сияқты кәсіпорындар қамтамасыз етті.

Қаңтар-ақпан айларында облысқа 41,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 32,4%-ға өсті. Құрылыс саласында да орындалған жұмыс көлемі 21,5 пайызға өскен. 11,4 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Отырыс қорытындысы бойынша өңір басшысы тиісті басқармаларға, аудан және Петропавл қаласының әкімдеріне 2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша даму көрсеткіштерінің өсімін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ инвестжобалардың жүзеге асырылуын ерекше бақылауда ұстап, өңірге инвесторлар тарту жұмыстарын күшейту қажет.

Дереккөз: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге