Медиа орталық

СҚО-да құрылысшыларға арналған инвестфорум өттi

СҚО-да құрылысшыларға арналған инвестфорум өттi

«Бүгiн облыста Қазақстандағы құрылыс компанияларының қатысуымен инвестициялық форум өттi. Форумға Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Қызылорда, Шымкент және Көкшетаудың құрылыс компанияларының өкiлдерi қатысты. Инвестициялық форум барысында құрылысқа арналған шағын аудандар, мемлекеттiк қолдау шаралары, қолда бар жер телiмдерi мен оларды қамтамасыз ету тетiктерi таныстырылды», — деп атап өттi СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.

Қалада құрылыс «Жас өркен», «Береке», «Қопай», «Орталық» және «Набережная» шағын аудандарында жүргiзiледi. 5 жыл iшiнде бюджеттiк құрылысты қаржыландыру 3 есе өстi. Дегенмен, қазiр басты назар коммерциялық баспанаға ауып отыр. 2017 жылы қалада 3 коммерциялық үй салынса, өткен жылы 23 көпқабатты үйдiң құрылысы жүргiзiлдi, биыл оның саны 32-ге жеттi.

«Бұл жұмысқа қарқын қосу қажет. Бiзге қаламыздың келбетiн өзгертiп, жаңа архитектуралық шешiмдер енгiзу керек. Облыс орталығында инвесторлар есебiнен көбiрек тұрғын үй салу қажет. Ол үшiн барлық жағдай жасалған, механизмдер анықталған, реновация бағдарламасы бар. Сондықтан құрылыс компанияларын өңiрiмiзде коммерциялық тұрғын үй саласындағы жобаларды жүзеге асыруға шақырамын», — дедi өңiр басшысы.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге